Қазақстанда өрт салдарынан үш адам қаза болды

ТЖМ ақпараты бойынша, Алматы облысы Қарабұлақ ауылында жер үйлердің бірінде 10 наурызда 14 сағат 10 минутта өртті ауыздықтау барысында әйел адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі келмей жатып сөндірілді.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысындағы Дарьинск кентінде 10 наурызда 17 сағат 30 минутта жер үйлердің бірін шарпыған өртті сөндірген кезде бір әйелдің мәйіті табылды. Өрт ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен 20 сағат 30 минутта ауыздықталды. Бұл жұмысқа 4 адам және бір бірлік техника жұмылдырылды.

ТЖМ хабарлағанындай, Маңғыстау облысында Форт Шевченко қаласында 10 наурызда сағат 11.00 гаражда тұрған "ВАЗ-2107" көлігі өртенді . Өртті ауыздықтау барысында машинаның ішінен бір ер адамның мәйіті табылды.

Өрт көзін жоюға ҚР ТЖМ өртті сөндіру қызметінің 6 адамы және 1 бірлік техникасы жұмылдырылып 11 сағат 30 минутта ауыздықталды.