«2020 жылғы тамызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 211 226 теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Шілде айында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 111 867 теңгені құрады (алдын ала деректер), бұл 2019 жылғы шілдедегіге қарағанда 6,1% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,9%-ға төмендеді.
«ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы II тоқсанда 454 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы тамыздың соңына 219,2 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,4% құрады», - делінген Статком таратқан мәліметте.