ТЖМ мәліметінше, Қызылорда облысындағы Қазалы ауылында 6 желтоқсанда 23 сағат 15 минутта жай үйде 18 шаршы метр аумақта өрт шығып, 2 адам қаза тапты.
"Өрт 7 желтоқсанда 1 сағат 30 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 1 техникасын жұмылдыру арқылы сөндірілді", -деп нақтылайды баспасөз қызметі.
Сонымен біррге, ТЖМ мәліметінше, кеше 8 сағат 48 минутта Семейде жай үйдің қосалқы қабатында 60 шаршы метр аумақта өрт шығу салдарынан 1 адам қаза болды.
"Өрт 11 сағат 03 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 14 адамы мен 3 техникасын жұмылдыру арқылы сөндірілді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Алматы облысының Талғар ауданында "Южное" бақша шаруашылығында 13 сағат 24 минутта 16 шаршы метр аумақта өрт шығып 1 адам қаза тапты.
Министрліктің хабарлауынша, өрт 13 сағат 55 минутта ҚР ТЖМ-нің 4 адамы мен 1 техникасын жұмылдыру арқылы сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті