Қазақстанда өрттердің салдарынан бір тәулікте бес адам қаза тапты - ТЖМ

Атап айтсақ, ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Текелі қаласында төрт қабатты тұрғын үйдің аумағында 25 наурызда 11 сағат 30 минутта бірінші қабаттағы бір пәтерде шыққан өртті сөндірген кезде ер адамның мәйіті табылды. Өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Ал екінші қабаттағы 32-ші пәтерден ер адамның мәйіті табылды. Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі 12 сағат 33 минутта 4 адам мен 1 техниканың күшімен сөндірді.

Сонымен бірге, ТЖМ ақпаратына сәйкес, Қаратау қаласында жай үйде 25 наурызда 16 сағат 06 минутта 3 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі 16 сағат 30 минутта 6 адам мен 1 техниканың күшімен сөндірді.

Қарағанды қаласында жай үйде 25 наурызда 15 сағат 45 минутта 2 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі 16 сағат 19 минутта 14 адам мен 3 техниканың күшімен сөндірді.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысында жай үйдің аумағында 25 наурызда 8 сағат 30 минутта 24 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Өртті жергілікті тұрғындардан құралған еріктілер 5 адам мен 1 техниканың күшімен сөндірді.