ТЖМ мәліметіне сәйкес, Петропавловск қаласында барак үлгісіндегі көп пәтерлі үйде 90 шаршы метр аумақта шыққан өртті сөндірген кезде 61 жастағы еркектің мәйіті табылды. ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 26 адамы мен 5 техникасының күшімен өрт сөндірілді.
Сонымен бірге, 11 желтоқсанда 02 сағат 51 минутта Солтүстік Қазақстан облысының Новоишимский кентінде 60 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде бір ер адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.
Сондай-ақ, Алматыда көп пәтерлі тұрғын үйде өрт салдарынан күйікке шалдыққан әйел ауруханаға жатқызылды. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 10 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.