"Күнбағыс тұқымы мен өсімдік майын экспорттауға салынған уақытша тыйым мерзімі ұзартылады. Таяуда осындай үкімет қаулысына қол қойылады деп ойлаймын", - деді А. Есімов.
Журналистерге берген сұхбатында еліміздің ауылшаруашылығы министрі экспортқа салынған тыйымды ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін ұзарту жоспарланғанын жеткізді. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, күнбағыс тұқымы мен өсімдік майын экспорттауға салынған уақытша тыйым өткен жылдың қазан айында күшіне енген.