Қазақстанда өсіріп, жаңа жылға дайындалған шыршаларды сатуға шектеу қойылады

«Еліміздегі мемлекеттік орман шаруашылықтары тек ұйымдар мен мекемелерде өтетін жаңа жылдық іс-шараларға ғана шырша дайындайды. Шыршалар облыстардың, Алматы мен Астана қалалары әкімдіктерінің өтініші негізінде, министрліктің арнайы рұқсатымен беріледі», - делінген хабарламада.

«Қазақстанда өсіріліп, арнайы дайындалған шыршалар еркін саудаға шығарылмайды. Ал, азаматтар шетелдерден

Мәлімдемеге сүйенсек, соңғы 10 жылда қолға алынған шаралар нәтижесінде еліміздегі шырша дайындау және сату көлемі 40 мыңнан 10 мың данаға дейін қысқарған.

Мәселен, Астанада 5 жылдан бері мерекелік шараларда жасанды шыршалар қолданылып келеді.


«Шыршаларды заңсыз кесу фактілерін болдырмау мақсатында ел аумағында 500-ден астам рейдтік топ әрекет етеді. Олардың құрамында мемлекеттік инспекторлар, орман қорғаушылар мен табиғат қорғау полициясы қызметкерлері бар. Сонымен қатар, орманды алқаптарда 320 бақылау бекеті орнатылған», - делінген хабарламада.

Мәлімдемеге сүйенсек, қараша-желтоқсан айларында 1 қылқан жапырақты ағашты кескендер 25 мың 965 теңге немесе 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.