Қазақстанда өтетін өнер фестиваліне Ресей, Грузия, Македония, Чехия, Белоруссия мен Украинаның дарынды балалары қатысады

«Фестиваль жеті күн бойы жалғасады. Осы уақыт ішінде Қазақстан, Украина, Ресей, Грузия, Осетия, Македония, Чехия мен Белоруссияның түрлі қалаларынан келген 800 бала өнер көрсетеді. Байқауға 20 мыңға жуық көрермен қатысады деген жоспарымыз бар», - делінген хабарламада.

Әділ қазылар алқасына Қазақстан, Грузия, Ресей, Латвия, Италия мен Белоруссияның белгілі қоғам қайраткерлері шақырылып отыр.
Фестиваль Мәдениет және ақпарат, «Білім және ғылым министрліктері, Алматы әкімі, РФ Қазақстандағы консулдығының қолдауымен өткізілмек.