"Қазақстанда өткен аптада есірткіге қатысты 172 қылмыс әшкереленді, соның ішінде есірткі сатуға қатысты 61 деректің беті ашылды",- деді Б.Қожахметов.
"Айта кететін жағдай, есірткінің заңсыз айналымының өсуі аса қауіпті болып отыр. Өткен жылы 10 мың шамасында есірткі қылмысы жасалды, оның ішінде 4,6 мыңнан аса есірткіні сату оқиғасы. Бұл 2006 жылғыдан 6,4% артық",- деді ол.
Оның мәліметінше, "барлығы 22,2 тонна есірткі, оның ішінде 127 келі героин тәркіленді. Нашақорлық саласында 4 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды".