Қазақстанда өткен тәулікте 739 адам коронавирус жұқтырды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда өткен тәулікте 739 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 70
  • Алматы қаласы - 80
  • Шымкент қаласы - 2
  • Ақмола облысы - 55
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 66
  • Атырау облысы - 124
  • Шығыс Қазақстан облысы - 51
  • Жамбыл облысы - 18
  • Батыс Қазақстан облысы - 45
  • Қарағанды облысы - 39
  • Қостанай облысы - 61
  • Қызылорда облысы - 1
  • Маңғыстау облысы - 4
  • Павлодар облысы - 58
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 60
  • Түркістан облысы - 3

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 153 199.


Еске сала кетсек, елде 2020 жылдың 25 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін шектеу шаралары күшейтілді.

Үкімет басшысы әкімдерге өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды. Қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ егу пунктерін вакцинациялауға дайындау қажеттігіне назар аударды.

Ішкі істер министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, мереке алдындағы және мереке күндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.