Қазақстанда өткен тәулікте болған өрттен 4 адам қаза болды

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауылында 20 шаршы метр жерді жайлаған өртті ауыздықтау барысында 74 жастағы әйелдің денесі табылды. Тілсіз жауды өшіру үшін ҚР өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 4 адамы қатысып, 1 техника жұмылдырылды.

Қарағандыда көп пәтерлі тұрғын үйде шыққан өрттің кесірінен бір әйел адам қаза болды. Оны ауыздықтауға өрт сөндіру қызметіндегілердің бір сағат уақыты кетті.

Ведомствоның деректері бойынша, Алматы облысы Қарасай ауданындағы жер үйде болған өртті сөндірген кезде , бір ер адамның мәйіті табылды. Тілсіз жау 2 шаршы метр жерді шарпып, оны жоюға ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 4 қызметкері жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті