Қазақстанда өткен тәулікте өрт кезінде екі адам қаза тапты

Мекеме мәліметіне сәйкес, Алматы облысының Үштөбе қаласында жеке меншік жер үйдегі өртті сөндірген кезде 55 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт аумағы 5 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің бес адамы жұмылдырылды.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қостанай облысының Қарамеңді ауылында 2 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде 77 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті