Қазақстанда өткен тәулікте жол-көлік оқиғасынан төрт адам қайтыс болып, екеуі жарақаттанды

Атап айтқанда, Шығыс-Қазақстан облысында Өскемен- Рахмановские ключи тас жолында 12-қыркүйекте "Ауди" көлігінің 42-жасар жүргізушісі "ВАЗ-2103" көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан "ВАЗ-2103" көлігінің жүргізушісі оқиға болған жерде мерт болып; "Ауди" көлігінің екі жолаушысы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар, Қарағанды облысында Алматы - Екетеринбург тас жолында 12-қыркүйекте 20.15-те "Ауди" көлігінің 35 жасар жүргізушісі "Мерседес" автовозымен соғылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан "Ауди" көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға болған жерде көз жұмды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті