Қазақстанда өткен тәуліктерде төрт адам суға батып кетті

ТЖМ мәліметінше, Алматының Әуезов ауданында Сайран өзеніне 30 маусымда 17 сағат 30 минутта 38 жастағы ер адам батып кетті; Ақмола облысы Есіл ауданы Игілік ауылында Қызылсу өзеніне 30 маусымда сағат 20.00-де ПЧ-9 қарауылының бастығы, ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің аға лейтенанты суға батып кетті; Атырау облысы Ендір ауданы Ендір ауылында Орал өзеніне 30 маусымда сағат 08.00-де 38 жастағы ер адам суға батып кетті; Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Восточный ауылында Семипалатинка өзеніне 30 маусымда 11 сағат 45 минутта 42 жастағы ер адам суға батып кетті.