"Жаңа туылған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 224 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Алматы облысында - 87, Алматы қаласында - 82, Жамбыл облысында - 71, Шығыс Қазақстан облысында - 67 бала дүниеге келді", - делінген ведомство мәліметінде.