Қазақстанда өткен жылы электр қуатын тұтыну көрсеткіші 2002-жылғымен салыстырғанда 9,4 процентке артты

Осыған сәйкес, 2003-жылы электр қуатын өндіру мөлшерін өткен жылғымен салыстырғанда 5,5 млрд. кВт/сағ-қа арттыруға тура келді. Энергетикалық компанияның өткен жылғы жұмысын қорытындылаған Қ.Бозымбаевтың атап көрсетуінше, бұған дейін Кегок тек импортпен ғана шұғылданып келсе, қазір ол электр қуатын шетелдерге де шығара бастады. 2003-жылы экспортқа шығарылған электр қуатының көлемі 4,119 млрд. кВт/сағ болса, импорт ауықымы 2,448 млрд. кВт/сағ-ты құрады.