сол арқылы Ресейден әкелінетін импортқа қолайлы жағдай жасалады, деп санайды АИРИ агенттігінің аға сарапшысы Артем Устименко.
Бұл қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының жаңалануы аяқталғанша РФ-мен арада "бұрынғы жүйенің" салыстырмалы түрде алғанда тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек, деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстанның мұнай өнімдері рыногында соңғы кезде жанар-жағар майдың жеткілікті көлемін қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда жағдай мәз емес.
Қазақстанда мемлекеттік органдар мұнай өнімдерінің бөлшектік сатылуына ғана шектеулі баға белгілейді. Қазіргі уақытта шектеулі бағалар мынадай: Аи-80 литрі- 89 теңге, Аи-92 - 115 теңге, дизельдік отын - 115 теңге.