Қазақстанда "Өзара ықпалдастық - 2008" жаттығулары аясында Қазақстан - Ресей тактикалық жаттығулары өтеді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенер болсақ, Қазақстан Қарулы күштерінің атынан жаттығуға аэроұтқыр әскерлердің десантшылары қатысады. Ал Ресей Федерациясынан жаттығуға Ресей Қарулы күштерінің Әуе-десант әскерінің әскери қызметкерлері келеді.

"Жаттығулардың белсенді бөлігі 11 шілде күні болады. Оның барысын екі елдің қорғаныс министрлері - Даниал Ахметов пен Анатолий Сердюков бақылайды деген жоспар бар. ҚР Қарулы күштері мен РФ Қарулы күштерінің құрамалары мен бөлімдері бірлесе пайдаланылуы мүмкін өңірдегі қарқыны төмен қарулы қақтығыс пайда болған жағдайда және әскери-саяси ахуалдың даму жағдайының болуы мүмкін жолы жаттығуларға негіз болған", - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.