Қазақстанда парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына 300-ден астам халықаралық байқаушы тіркелді - СІМ

"Бүгінде ЕҚЫҰ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы, ТМД секілді халықаралық ұйымдардан 300-ден астам байқаушы тіркелді", - деді Е.Ашықбаев.

Сонымен бірге СІМ өкілінің хабарлауынша, қазіргі жағдаймен сайлау науқаны жайлы хабар таратуға 20-дай шетелдік БАҚ өкілдері аккредитацияланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті