Қазақстанда президент сайлауы 2006-жылы өтуі тиіс - Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

О.Жұмабековтың айтуынша, ҚР Конституциясының 94-бабында атап көрсетілгеніндей, ел президентінің өкілеттілік мерзімі кезекті президент сайлауында жаңа мемлекет басшысы жеңіске жеткенге дейін жалғасады, ал президент сайлауы 7 жыл сайын желтоқсанның алғашқы жексембісінде өткізіледі. "Еліміздегі президент сайлауы 10-қаңтарда өтті. Ол 1999-жылдың 20-қаңтарында ант беріп, қызметке кірісті. Сондықтан 7 жылдық өкілетті мерзім 2006-жылдың 20-қаңтарында аяқталады. Демек, Ата заңға сәйкес, сайлау 2006-жылы желтоқсан айының алғашқы жексембісінде өтуге тиіс",- деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

О.Жұмабековтың айтуынша, "сайлау мерзімін жариялау құқығы ҚР парламенті мәжілісінің құзыретінде болмақ".