Қазақстанда президент сайлауының қорытындысы 3 мамырдан кешіктірілмей шығарылуы тиіс - ОСК


Дауыс беру уақыты мен өзге уақыт мерзімдері ОСК сайтында жарияланған кезектен тыс президент сайлауына дайындық және өткізу жөніндегі күнтізбелік іс-шаралар жоспарында белгіленген.
Жоспарға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының қорытындысын белгілеп, 3 мамырдан кешіктірмей тиісті қаулы қабылдауы тиіс.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірге белгіленген.