Елбасының пайымдауынша, Қазақстанда "президенттің үйлестірушілік ролі кезінде парламент пен жергілікті өзін-өзі басқаруға өкілеттік көп берілуі тиіс" . "Мәселе Конституцияға енгізілетін нақты өзгертулер турасында", деп атап өтті президент.
Дүйсенбі күні республикалық телеарналардың тікелей эфирінен сөйлеген сөзінде президент былай деді: "Ющенконың "майданда" билікті парламентке береміз деп айтқаны естеріңізде болар және ол солай істеді де". "Парламент сайланып, өз өкілеттігін пайдалана отырып жұмыс істеді, әлбетте ол бәр құзыретті өз қолына жинап ала бастады, саяси күрестің логикасы осында",-деді елбасы.
Президенттің айтуынша, "бұл мемлекетті тұрақсыздыққа әкеп соқтырды: халық сайлаған президент мемлекеттің тұрақтылығына кепіл бола алмай қалды. Енді ол бұл құзыретті қайтарып беруді талап етуде".
Елбасы: "дәл осындай жағдай жүз пайыз Қырғызстанда қайталанып отыр. Бұл бізге керек пе, жоқ па? -деп сауал тастады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті