Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2022 жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,4 жас болса, бұл көрсеткіш бір жылдың ішінде бірден 4,2 жасқа өсті. Айта кетейік, 2020-2021 жылдары өмір сүру ұзақтығы көп жылғы өсімнен кейін алғаш рет төмендеген болатын: 71,3 және 70,2 жас, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
Гендерлік тұрғыдан алғанда, әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 78,4 жас болса, 2021 жылы 74 жас болған. Ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 70,2 жасқа дейін өсті, бұған дейін соңғы 5 жылда көрсеткіш 68,8 жас деңгейінен көтерілмеген болатын.
Өңірлік бөліністе Алматы қаласында өмір сүру ұзақтығы ең жоғары – 77,3 жас, ең төмені Ұлытау облысында – 71,4 жас.