Вице-премьер Ералы Тоғжанов Қазақстан үкіметінің жаңа карантин енгізуі туралы ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бізде ондай ақпарат жоқ. Қазір ауру жұқтырудың өсу қарқыны 0,1% құрайды. Бұл қабылданған шаралардың жетістігі. Бос кереуеттер саны 17% -ға азайды. Ал енді жаңа карантин енгізу туралы мәселе туындамайды", - деді вице-премьер.
Ералы Тоғжанов ведомствоаралық комиссияның келесі отырысы карантин шараларын жеңілдетуге бағытталатыны туралы айтты.