Қазақстанда қайтарымды энергия жөнінде көптеген бастамалар жасалуда


«Елде қайтарымды энергия бойынша көптеген бастамалар жасалып, қазірдің өзінде жүзеге асырылуда. Бұл жағдайда мемлекеттіі орнықты дамытуды қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі жақында Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы болмақ. ЭКСПО тұжырымдаманы іске асыру кезеңдерінің бірі болады», деді Т.Ермегияев «Мирас» журналына берген сұхбатында.

Оның пікірінше, енді таяу уақыттарда қазақстандықтар үшін күн, жел, ыстық су энергиясы үйреншікті нәрсеге айналады. Төрт жылдан кейін ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесін өткізу барысында Қазақстан басқа елдердің тәжірибесін үйренумен қатар, қалайша салауатты экономика, салауатты экология және салауатты адамдар елі болу керектігі жөніндегі өзінің бірегей тәжірибесімен бүкіл әлеммен бөліседі. Тұтастай алғанда, «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өтетін ЭКСПО 2017 баламалы энергетика саласында ғылым мен техниканы дамыту үшін жақсы мүмкіндік болмақ.