Бұл - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ мен ActisSistemsAsia компаниясының тапсырысымен 2003-жылдың мамырында әлеуметтік зерттеулер жөніндегі "БРИФ" Агенттігі жүргізген зерттеу нәтижесінде мәлім болды.
41,8% қала тұрғындарының 21,6% , басқаша айтқанда 818,6 мың адам компьютер пайдалануға жаңадан машықтанып жүрсе, 13,6% немесе 515,2 мың адам негізгі кеңселік бағдарламаларды меңгерген қарапайым тұтынушы болып саналады.
5,3% немесе 201 мың адам арнаулы бағдарламалармен жұмыс істейтін кәсіби тұтынушылар.
Сұрау салуға атсалысқандардың 10,2% немесе 50 мың адам өздерін
компьютерлік бағдарламаларды өз бетімен жасай алатын кәсіби мамандарға , яғни, программистер қатарына қосқан.
Аталмыш әлеуметтік зерттеуге еліміздің 100 мыңнан артық тұрғыны бар 19 қаласынан 1200 респондент жауап берген.