Қазақстанда қаңтар айы ішінде жаңа үйлер 0,5% қымбаттады

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, қайталама рынокта жайластырылған тұрғын үйдің бағасы биыл қаңтар айында 0,7% артқан, жалға алу бағасы 2,5% өскен.

Республика бойынша орташа алғанда жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің сатылу бағасы 2014 жылдың қаңтар айында 196,9 мың теңгені құрады.