Қазақстанда қараша айының аяғында І халықаралық астық форумы өткізіледі

"Биыл Қазақстанда рекордтық көлемде түсім жиналды. Еліміздің экспорттық әлеуеті артты. Осыған байланысты қазір Еуропа елдері мен бұрынғы Кеңестік республикалар еліміздің астығын импорттау мүмкіндігіне үлкен қызығушылық танытуда. Өйткені, еліміздің астығы сапасы, бағасы және логистикалық тұрғыда тартымды",- деді Д.Қалиев.

Оның айтуынша, "Қазагромаркетинг" АҚ "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" мен Ресей-Украина бірлескен "АПК-информ" компаниясымен күш біріктіре отырып, еліміздің ауылшаруашылығы министрлігінің қолдауымен аталмыш форумды ұйымдастырмақшы. Оған трейдингтрік компаниялар, халықаралық агенттіктер мен фирмалардың 300-ден астам өкілі қатысады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті