Қазақстанда қарсы жолаққа шыққандар жүргізуші куәлігінен айырылады

“Заң жобасында тыйым салынған қарсы жолаққа шығу туралы норманы күшейткіміз келеді. Қарсы қозғалыс жолағына өтіп кеткен жағдайда көлік жүргізу куәлігінен айырамыз”, – деді депутат Қанат Мусин.

Сонымен қатар, ол мотошлемді қолдану мәселесіне де тоқталды.

“Заңда мотоциклді жүргізу кезінде жүргізуші мен жолаушының мотошлем киюін міндеттейтін талап енгіземіз”, – деді ол.


Депутат, бұл норманың әлі күнге жол қозғалысы ережесінде сақталып келгенін айтты. Ол сондай-ақ, жалпы 120-дан астам өзгеріс қаралып, оның 55-і заң жобасының соңғы шешімді нұсқасы ретінде қалғанын айтты.

“Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар қоғам үшін маңызды болып, дұрыс қабылданады деп ойлаймыз”, – деді мәжіліс депутаты.