"Бүгінгі күннен бастап әскери оқу орындарының базасында, соның ішінде Ұлттық қорғаныс университетінде, әскери оқу орталықтарында, әскери кафедраларда офицерлерді көп деңгейлі дайындау жүйесі жұмыс істей бастады",- деп хабарлады Д. Ахметов.
Үстіміздегі жылы барлық түрдегі курстарда 3 мыңнан астам офицерлеоді оқыту жоспарланған. Сонымен қатар, жыл сайын офицерлерді Ресейдің және алыс шетелдердің жоғарғы оқу орындарында біліктілігін көтеру дәрістеріне жіберу қарастырылған.
"Әртараптандыру жолымен жүрген әрбір қадам әскери білім берудің жаңа тиімді үлгісін құруға мүмкіндік береді",- деді Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі.
Оның айтуынша, әскери жоғарғы оқу орындары заманауи құрылғылармен жабдықталып, дүниежүзілік стандарттарға сәйкес технологиямен қамтамасыз ету арқылы олардың оқу бағдарламалары түбегейлі жаңартылатын болады.