Қазақстанда қарызға ақша беретін терминал орнатылды


Бұл туралы Жеңіс Мұхиев есімді азамат өзінің Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды Islam.kz. 

«Жақында Андрей Гусаковтың айтуымен Алматыда бірден қарыз беретін аппаратты тауып алдым. Барлығы қарапайым, ешқандай қиындығы жоқ. Сомманы таңдайсың, қарыз қай уақытқа дейін алатыныңды жазасың. Сосын жеке куәлігіңді сканерлейсің де, саусақ ізі арқылы келісімге қол қоятын болуың керек. Біздің нарық үшін бұл жаңашылдық» дейді әлеуметтік желі қолданушысы. Жеңіс Мұхиев жарты сағатта терминалдан ешкім қарыз алмағанын айтады.