"Біз кәсіпкерлермен және шетелдік сарапшылармен бірлесе отырып, Қазақстанда қазір бар шағын және орта бизнесті тексерулер жүйесі мұқият қайта қарауды талап етеді деген ортақ тұжырымға келдік. Өйткені ол қазіргі Қазақстан экономикасының нарықтық сипатына мүлдем сай келмейді. Ол барлығы мемлекеттің иелігінде болған және мемлекет өз меншігін өті қадағалап келген бұрынғы өзіміз тастап шыққан құрылымға сай келеді", - деді В. Школьник.
"Тексерулер жүйесін бұрынғы қалпында қалдыру - анахронизм. Осы саладағы халықаралық тәжірибені зерттей келе біздің түсінгеніміз, тексерулер жүйесі сан жағынан аз тексерушілердің көмегімен нағыз заң бұзушыларды тиімді айқындайтын және заңға бағынатын кәсіпкерлердің тынышын алмайтын жағдайда құрылуға тиіс", - деді ол.
"Тексерулердің басты мақсаты - қандай бағаға болмасын қандайбір заң бұзушылықты табуға бағытталуға тиіс емес", -деді министр.
"Бұл жұмыстың екінші жағы бизнеске рынокта заңға бағына жүргізілген іс-әрекеттердің экономикалқ тиімділігін бағамдау көзқарасын қалыптастыруға бағытталуға тиіс. Меніңше, біз кешікпей үкіметке осындай жұмыстарды қалай жүзеге асыру қажеттігі және ол үшін заңнамаға қандай өзгерістер енгізу қажеттігі туралы кейбір идеяларымызды таныстыра аламыз", - деді В. Школьник.