Қазақстанда қазіргі жағдаймен егіс алқаптарының 60%-тен астамынан түсім жиналды

"15,3 млн гектар егіс алқабының 9,6 млн гектарынын, немесе 63% -інен бидай орылды", - деді А. Есімов.

"Жалпы түсім 12,4 млн тонна болды, бұл өткен жылғы деңгейден 4 млн тоннаға артық", - деді ол жалпы алғанда 19 - 20 млн тонна түсім жинау жоспарланып отырғанын айта келе.

"Алдын-ала балансқа сәйкес, ауыспалы қалдықты ескергенде 19,5 млн тонна түсім таратылуға тиіс", - деді министр.

Қалыпты күн райы ахуалы сақталған жағдайда, түсім жинау науқанын қыркүйектің 20-шы жұлдыздарында аяқтау межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті