Қазақстанда қоғамдық монополияға қарсы күрес комитеті құрылды

Комитет басқармалырының төрайымы, мемлекеттік монополияға қарсы күрес мекемесі төрағасының бұрынғы орынбасары Жанат Ертілесова маусым айында мәжіліс "Табиғи монополиялар туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізгенін атап өтті. Заңға енгізілген, күзде сенатта қаралатын түзетулерге сәйкес "табиғи монополия субьектілерінің өтінішін қарауда, шикізат, материалдар мен құрал-жабдықтардың сатып алынатын бағасын талдауда", сондай-ақ, монополияға қатысы бар басқа да мәселелерде тұтынушылар ролі артады. Дегенмен, комитет ұйымдастырушыларының пікірінше, "монополистермен күресте мемлекеттік мекемелермен ынтымақтаса алған күннің өзінде тұтынушылар жеке табысқа қол жеткізе алмайды". Сол себепті "табиғи монополия субьектілерінің шығындарының құрылымына және монополияға қарсы күрес саласының басқа да пролемаларына талдау жасау үшін кәсіби мамандардың күшін біріктіруге шешім қабылданды".

Қоғамдық комитет үкіметтің консультативтік-кеңес органдарының жұмысына қатысу, табиғи монополия субьектілерінің іс-қызметін жетілдіруге қатысты ұсыныстар енгізу, бағалар мен баға сметаларына тәуелсіз тұтынушылық сараптама жасау, ақпарат қорын құру және тауар рыноктарына талдау жасау, әділетті бәсекелестікті сот жүзінде қорғау тәжірибесін қалыптастыруға мұрындық болуды көздеп отыр. Сондай-ақ, ұйым меншік иелері кооперативтерінің жұмысын жақсартуға бағытталған бірқатар ережелер жобасын жасауды межелеген.
Ж.Ертілесованың айтуынша, "Табиғи монополиялар туралы" заңның жаңа нұсқасында табиғи монополия субьектілерінің өтінішін қарауда міндетті түрде қоғамдық тыңдаулар өткізу қарастырылған. "Мұндай өтініштерге сан жеткісіз, өтініштер жылына екі мәрте жасалады. Бір науқанда 1,5 мың тарифке қатысты 800-дей өтініш талқыланады",- деді комитет басқармалырының төрайымы. Ж.Ертілесованың айтуынша, "комитет осындай өтініштерге талдау жасауда тұтынушыларға да, мемлекеттік мекемелерге де қолұшын беруге дайын".