Қазақстанда "Қолданбалы өнер" сериясы бойынша ескерткіш тиындар шығарылды

"Жетіген" тиыны "Қолданбалы өнер" сериясы бойынша қазақ музыкалық аспаптары тақырыбын одан әрі жалғастыратын төртінші ескерткіш күміс тиын болмақ.

Металл ақша Қазақстан теңге сарайында 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 24,00 грамм, диаметрі - 37 мм, қалыңдығы - 2,7 мм, "proof" сапасымен 3 мың дана шығарылған.
"Жетіген" ескерткіш күміс тиындары коллекциялық құны бойынша сатуға арналады.