Қазақстанда қоқыс қалдықтарының небары 15 пайызы қайта өңделеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы KAZINFORM.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Елімізде қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтар, қоқыс полигондарынан шығатын жағымсыз иіс пен бөлінетін улы газ мәселесі әлі күнге дейін өзекті болып отыр.

Бұл мәселе бүгінде Мәжіліс депутаттарының назарында. Депутаттар Астана маңындағы Қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу кешеніне барып, ондағы жағдайды өз көздерімен көріп қайтты. 

«Елімізде қоқыс қалдықтарының небары 15 пайызға қайта өңделіп, қалғаны полигонға жіберіледі» — делінген хабарламада.