Қазақстанда құнары ең аз жерлер оңтүстікте орналасқан

«Елдегі құнары ең аз жерлер оңтүстікте орналасқан. Солтүстік өңірлерде негізінен жеңіл қоңыр және қара топырақ басым. Олар мол өнім береді, атап айтқанда, қара жерде 5-7% гумус болса, жеңіл қоңыр алқаптың құрамында шамамен 3-5% қарашірік бар. Егер оңтүстік өңірлерді алсақ, негізінен онда сұр топырақ, онда 2-3% гумус болады», - деді Е.Базылжанов.

Оның айтуынша, кейінгі жылдары оңтүстікте топырақ құнары азайюы байқалған. Бұл негізінен жерді тыңайту жүйелі түрде өткізілмейтіндіктен болады.