Қазақстанда "Қылмыстық заң бұзушылықтар картасы" деген атпен интернет-портал ашылмақ. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев мəлімдеді.
"Аталған веб-ресурсқа еліміздегі барлық қылмыстық заң бұзушылықтар енгізіледі", - деді оо "Ұлт жоспары - Қазақстандық арманға бастар жол" атты мақаласында.
Президент əлемдегі бірқатар елдердің осы тəсілді тиімді пайдаланып отырғанын алға тартты.
"Бұл жұртшылықтың құқық қорғау орындарының қызметін бақылауына мүмкіндік береді", - деді Н.Назарбаев.