Қазақстанда құс тұмауына қарсы вакцинаның ТМД аясындағы ең көп қоры бар – үкімет басшысы

“Бүгінде Қазақстанда құс тұмауына қарсы вакцинаның 9,9 млн. дозасы, терафлю дәрісінің 15 мың дозасы бар. Біз осындай көлемде қоры бар ТМД аясындағы бірден-бір мемлекетке саналамыз”,- деді Д.Ахметов.

Үкімет басшысының айуынша, елімізде төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдерінің басшылық етуімен құс тұмауына қарсы күрестің аймақаралық штабтары құрылған. “Ахуалды қатаң қадағалап отырмыз. Әрбір аймақтағы жағдаймен хабардармыз. Біз бұл жұмысқа дайынбыз деп нық сеніммен айта аламын”,- деді Д.Ахметов.