"Осындай идея ұсынылып отыр, ол қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде пайда болған берешектерді өтеу жайында сөз болған кезде ақталады деп мен сенемін", - деді И. Елекеев.
"Ол қылмыстық кодекске өзгерістер түрінде енгізіледі, бірақ әзірге бұл мәселе талқылану үстінде. Жоғарғы сот осындай өзгерістердің бастамашысы бола алады", - деді ол.
Туыстарының немесе жалған адамдардың атына жазылған мүлікті меншіктену құқығы іс жүзінде сотталушының иелігінде екендігінің дәлелін тергеу органдары жинауға тиіс, деді И. Елекеев.