Қазақстанда қысқы Азиада ойындарын өткізу мемлекет беделінің артуына көмектеседі - Болгарияның дене шынықтыру және спорт министрі С.Нейков

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Дипломатиялық миссия басшысы сұхбаттасушысын Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық үдерістермен, соның ішінде спорт саласында жүргізіліп отырған саясатпен хабардар етті. Қазақстан елшісі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев спортты қоғам дамуының басты бағыттары қатарына жатқызатындығын атап өтіп, салауатты өмір салтын сақтау Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылға дейін қазақстандықтардың бұқаралық спортпен айналысу үлесі 30 пайызға дейін арту туралы міндетпен көрсетілгеніне тоқталды.

С.Нейков өз тарапынан Болгариядағы спорт дамуы саласындағы қазіргі жағдай туралы айтып, біздің елімізде алғаш рет өткелі отырған қысқы Азиада ойындарына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, «Қазақстанда осындай халықаралық деңгейдегі спорт шарасының өткізілуі мемлекет беделінің артуына көмектеседі».

Сұхбаттасушылар екі жақты байланысты оңтайландыру жөніндегі мүдделерін ортаға салып, дене шынықтыру мен спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге тезірек қол қоюға қолдау танытты. Сонымен қатар екі елдің командаларын Болгарияға жинайтын әртүрлі іс-шаралар өткізу мүмкіндіктері мен тәжірибе алмасу мәселелері қаралды.