Калифорния штатының 26 жастағы тұрғынын Р. Батырханов атындағы Күршім шекара жасағының шекаралық заставасы ұстады.
«Өзімен бірге мерзімі асып кеткен иммиграциялық және туристік визалық карточкасы болған. Сонымен қатар қолында интернеттен басылып шығарылған ҚХР-ға қарай қозғалу бағыты көрсетілген шекаралық комендатура сызбалары мен орыс, қазақ, қытай және моңғол тілдерінің сөздіктерінен үзінділер бар болып шықты. АҚШ азаматының айтуына қарағанда, ол Ақтау-Астана-Өскемен-Қатонқарағай-Урыль бағыты арқылы келіп, Жапонияға өтпек болған», - делінген таратылған баспасөз баянында.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. ҚР ӘҚК 394 бабының 1-тармағы «Шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ тұлғаның ҚР-ға келу ережелерін бұзу» бойынша жазаға тарту жоспарланып отыр, деп хабарлады Шекара қызметі.