Қазақстанда «Қытайтану» кітабі жарық көрді

Аталған дүние қазақстандық қытайтанушы ғалымдардың, тарихшылар мен зиялы қауым өкілдерінің үлкен қызығушылығын туғызады. Кітапта 5 мың жылдық тарихы бар Қытайдың өркендеу жолы қамтылып, қытайлық мәдениет пен өркениеттің түзілу, беку кезеңдері аса ұқыптылықпен баяндалады.

ҚХР Қазақстандағы Елшісі Чжоу Лидің атап өткеніндей, кітап ағылшын, испан, француз, түрік, неміс және қазақ тілдеріне тәржімаланып,тек Қытайда ғана емес, дүниенің төрт тарабына 10 мыңдаған данамен таралып отыр.

«Кітап қазақ жұртының Қытай мемлекетімен жіті танысуына мол мүмкіндік ашып, екі халықтар арасындағы байланыстарды өзара достық деңгейінде асыруға жағдай жасайды», дейді Ч. Ли мырза.

«Қытайтану» кітабінің қытай тілінен қазақ тіліндегі аудармасын Дулат Мәлікұлы, Бек Дөкейұлы және Серік Кененбай жасап, оны «Хұснихат» баспасынан басып шығарды.