Дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық ұлттық сараптау орталығы мамандары осындай тұжырым жасап отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Орталық мәліметінше, SerumInstituteofIndia (Үндістан) компаниясы шығарған моновакциналар физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша 16 сынақтан сүрінбей өткен. Дүниежүзіндегі эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты Қазақстанда қаңтардың он бесінен бастап 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдерді қосымша иммундау туралы шешім қабылданған болатын. Алайда, иммундау кезінде еліміздің бес облысында 396 баланың жағдайы нашарлап, оның 264-і аууханаға жатқызылған-ды. Соғын байланысты қосымша иммундау мамырдың төртіне дейін уақытша тоқтатылған болатын.