Қазақстанда Ресейдің баспасөз күндері ашылды

Ресейлік БАҚ өкілдері Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің студенттерімен кездесіп, Қазақстандағы ең ірі БАҚ-тарға саналатын "Хабар" агенттігі мен "Мегаполис" газетінде болды. Бүгін Ресейлік журналистер тобының қатысуымен Алматыда ИТАР-ТАСС агенттігінің 100 жылдығына арналған көрме ашылды.

Ертең, 9-қарашада ресейлік журналистер "Ресей мен Қазақстандағы БАҚ-тар дамуының қазіргі заманғы ағымдары" тақырыбы бойынша семинарға қатысады. Бұдан кейін Ресейдің баспасөз күндері аясындағы шаралар Астанада жалғасады.