"Ресей Федерациясының Челябинск облысынан Қазақстанның көлік полицейлеріне прокурордың көмекшісі болып қызмет атқарған әйелді өлтірді деген күдікті, Өзбекстан азаматының Ресей аумағында жүргендігі туралы хабар келіп түскен. Ол бас жарақатының салдарынан қайтыс болған болатын",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Полицейлердің хабарлауынша, көліктегі Батыс Ішкі істер департаментінің қызметкерлері өздерінің ресейлік әріптестерінен ақпарат ала салысымен мекеме қарамағындағы аумақты мұқият тексере бастаған. Орал - Алматы бағытындағы жолаушылар поезінде Төретам - Қызылорда желісінде қылмыскерге ұқсас жолаушы көлік полициясы қызметкерлерінің назарына іліккен. Күдікті поездан түсіріліп, Қызылорда станциясындағы ЖІІО уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Белгілі болғандай, қылмыскер 27 жаста, ол қылмысты "құрбанның жеке мүлкін иелену мақсатында жасаған". Жедел-іздестіру шаралары барысында одан 2 мың рубльді құрайтын құрбанның жеке заттары, атап айтқанда алтын бұйымдары мен ұялы телефоны табылған.