Қазақстанда Ресейге 1 мыңдай тасбақа алып өтпек болған өзбекстандық әйел ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР ҰҚК шекара қызметі мен көліктегі батыс ІІД желілік бөлімінің қызметкерлері Жайсаң бекетінде Алматы мен Мәскеу арасында қатынайтын №7 поездың аялдамасы кезінде №10 вагонның бүйір жақ қабырғасынан 1007 тасбақа тауып тәркіледі. "Бұл жүктің иесі Өзбекстан азаматы боылп табылатын әйелдікі екені анықталды", - деп хабарлайды мекеме.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, тексеру барысында әйелдің бұл жүкті Алматы мен Мәскеу арасында тиісті құжаттарсыз тасымақ болғаны анықталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті