Қазақстанда ресейлік құс фабрикасы өнімдерінен шошқа ДНК-сы табылған

Ресейдің «Брянский бройлер», «Инжавинская птицефабрика», «Приосколье» және «Чебаркульская птица» деп аталатын құс фабрикаларының өнімдерінен колиформ бактериясын (бұл бактериялар ішекте кездесетін құрт таяқшасы тобын туғызады) тапқан.

Ресейдің сонымен бірге шұжық шығаратын «Царицыно» компаниясына да тыйым салынған. Мәліметке қарағанда, құс етінен жасалған шұжықтың құрамынан шошқаның ДНК-сы табылған.

Бұл заң бұзушылықтарды дереу жою үшін Ресейдің тиісті органдарына ресми хат жазылды деп атап өткен Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі.

Алайда Мәскеуден бұған жауап ретінде Қазақстанның үш кәсіпорынның сүт өнімдерін импорттауға шектеу қойылады деген хабарлама алған. Россельхознадзор 1 шілдеден бастап қазақстандық «Тайынша-Астық», «Деп» және «Сүт өнімдері» компаниясының өнімдеріне тыйым салуға мәжбүрміз деп мәлімдеген. Мәскеу оның себебін импорттауда алаяқтық орын алған-мыс деп түсіндірген.


Ресей мен Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше. Мұндағы мақсат еркін тауар айналымын жүргізетін ортақ нарық қалыптастыру.