Қазақстанда ресми есепке есірткіге тәуелді 353 бала тіркелген

    деп хабарлады республикалық нашақорлықтың дәрігерлік-әлеуметтік проблемалары ғылыми-практикалық орталығының директоры Алтынай Есқалиева.

"Есірткіге тәуелді ересектер, әйелдер мен балалар есепке алынған.Қазір онда есепте кәмелеттік жасқа толмаған 353 бала бар", деді ол Астанада сәрсенбіде республика президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Қазақстанда соңғы бес жылда ресми есепке алынған тұлғалардың да саны азайған.

"Соңғы бес жылда ол көрсеткіш 10 пайызға азайды. Бір қуантарлығы, есірткіге тәуелді жастар мен балалар санының азаюы. Бұл профилактикалық шаралардың арқасында мүмкін болып отыр", деді ол.


А.Есқалиеваның айтуынша, статистика көрсетіп отырғандай, Қазақстанда соңғы бес жылда бірінші рет нашақорлық диагнозы қойылған тұлғалардың саны азайған.

"Бұл үдеріс 2014 жылдың 6 ай мерзімі ішінде де сақталып отыр", деді ол.