Қазақстанда садақ атудан алғаш рет фестиваль өтеді


Бүкіл әлемде жаяу да, аттың үстінде де садақ ату - өте танымал өнер болып саналады. Соны дәріптеу мен насихаттау мақсатында Еуропа, АҚШ, Түркия, Оңтүстік Корея, Қытай, Моңғолия, Жапония мен Оңтүстік Америка елдерінде садақ атудан көптеген үйірмелер мен клубтар жұмыс жасайды. Алайда, біздің елімізде садақ ату үйірмелері жоқ. Ал бұл сайыс сол олқылықтың орнын толтыруға бағытталған алғашқы ірі шара.